Қоғам

Сот бұрынғы вице-адмирал Жанзақов неге босатылғанын түсіндірді

© Photo : Телеканал "Хабар"Жандарбек Жанзаков, экс-вице-адмирал, бывший главнокомандующий ВМС Казахстана
Жандарбек Жанзаков, экс-вице-адмирал, бывший главнокомандующий ВМС Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жұма күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы бостандыққа шықты

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек — Sputnik. Әскери сот экс-вице-адмирал Жандарбек Жанзақовты босатуға қатысты апелляциялық инстанция шешімін түсіндірді. 

Әлеуметтік желіде Жанзақовқа қатысты үкім дау тудырған болатын. Бірі оның қамауға алынуын әділетсіздік десе, енді бірі үкім тым жұмсақ екенін алға тартты. Сотта Жанзақов 2020 жылдың 18 мамырында билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталғанын атап өтті.

"2012-2016 жылдары пирс құрылысы кезінде Әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері жекеменшік айлақты жалға алуға мұқтаж болған. Мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу үшін мемлекет қаражат бөлді. Алайда Жандарбек Жанзақов айлақтардың бағасы әртүрлі болғанынан қарамастан, байқау өткізбей ЖШС-мен келісім жасасты", - делінген әскери соттың ақпаратында.

Өзінің әрекетімен Жанзақов мемлекетке 29 миллион теңге шамасында залал келтірді. Бұл қызметін асыра пайдалану деп бағаланды.

Апелляция кезінде судья тергеу Жанзақовтың әрекетінде пайда табу мақсаты болғанын дәлелдей алмағанын айтты.

"Сондай-ақ, қорғаныс министрлігі бас штабы Жанзақовтың ұзақ жылғы қызметі мен әскери-теңіз күштерінің дамуына қосқанын ерекше үлесін ескеруді сұрап, өтініш жолдады", - деді ведомствода.

Өткен жұма күні Жанзақов колониядан босатылды. Ол мамыр айында 6 жылға сотталған болатын.

Жанзақов вице-адмирал атағынан және Қарулы күштерде, әскери құрылымдарда, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік салада лауазымға ие болу құқығынан өмір бойына айырылды.

Жаңалықтар
0