Қоғам

Батыр ананың перзенттері 500 отбасының үйіне азық-түлік жеткізіп берді

© Photo : Исламский информационно-образовательный портал Azan.kzҚайырымдылық шарасы
Қайырымдылық шарасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзінің тірісінде қайырымдылықпен айналысып, бес бірдей мешіт тұрғызған көпбалалы ана 1 тамызда 79 жасында дүниеден озды, карантинге қарамастан, марқұммен қоштасуға жүздеген адам жиналған еді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматының орталық мешітінде батыр ана Бибіжамал Аблазимованың дүниеден қайтқанына 40 күн толуына орай қайырымдылық шара өтті. Жамал апаның перзенттері ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді.

Қайырымдылық шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, мешіт имамдары, "Ықылас-2050" қайырымдылық қоры және еріктілер қатысты.     

Еркінбек Шоқай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Аблазимовтар отбасы карантинді ескеріп, Жамал апаның 40 күндік садақасын дастархан жайып ас беріп өткізбей, республикалық қайырымдылық шарасын қолға алған. Игі шара аясында еліміздегі мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасалып, соның ішінде Алматы қаласында 500 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды azan.kz.

Имамдар мен еріктілер қайырымдылық себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы көліктермен жеткізіп берді.

Жамал апа кім

Бибіжамал Аблазимова 1941 жылы 2 наурызда қарапайым отбасында дүниеге келді.

Өмірінің соңына дейін көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылықпен айналысты.

Тағы оқыңыз: Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті

Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтааралдағы су тасқынынан, Жамбыл облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен. Сонымен қатар, Қазақстанда бес бірдей мешіт тұрғызып, басқа да көптеген мешіттің құрылысына қолғабыс етті.

Көпбалалы жалғызбасты аналарға баспана сыйлады. Бұдан бөлек, балалар үйіне, медресе мен мектептерге, ауруханаларға, науқастар мен мүгедектерге жәрдемдесті.

Жұбайы Нұғман Аблазимовпен алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде батыр анадан 39 немере, 54 шөбере өрбіген.

Марқұм – Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Махсұдхан Аблазимов пен кәсіпкер Бахаридин Аблазимовтың анасы.

Бибіжамал Аблазимова 2020 жылдың 1 тамызында 79 жасында дүниеден озды.

Ақтауда өткен марқұммен қоштасу рәсіміне карантинге қарамастан жүздеген адам жиналған болатын.

Жаңалықтар
0