Қоғам

Жолдау 2020: прокурорларға жаңа міндет жүктейтін заң жобасы әзірленіп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң қабылданғаннан кейін прокурорлардың адам құқықтары мен бостандықтары үшін жауапкершілігі күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда прокурорларға жаңа міндет жүктейтін заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында прокурорларға маңызды міндет жүктейтін заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды. Олар адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты барлық процессуалды шешімдерді қарап, өз келісімін беретін болады. Ондай келісім жасалмаса, кез келген әрекеттің заңды күші болмайды", - деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, осы міндетті енгізгеннен кейін прокурорлардың адам құқықтары мен бостандықтары үшін жауапкершілігі күшейеді. Олар істі сотқа жолдаған уақытта емес, адамның осы іске қатысы бар екені анықталған кезден бастап барлық құқығын қорғауға міндетті.

Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты

Осыған орай, 1 қазаннан бастап сотқа дейінгі тергеумен айналысатын құқық қорғау органдары азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты негізгі процессуалдық шешімдерді электронды форматта шығарады. 

"Кез келген негізгі процессуалдық шешім бірден сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне түседі де, қылмыстық іске қатысушы тараптарға көрініп тұрады. Прокурор ондай шешімдерді шұғыл қарап, қаншалықты заңды екенін тексереді. Егер тәртіп бұзушылықтар анықталса, ондай шешімді бірден электронды форматта кері қайтара алады", - деп түсіндірді Ахметжанов.

Жаңалықтар
0