Қоғам

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл мамыр айында Ильин Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Әлемнің төрт дүркін чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген", - деп жазды Ильин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін де жеткізді.

"Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын", - деді Ильин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Токио Олимпидасын кейінге қалдырғаннан кейін Ильин спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Мамыр айында ол Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Сондай-ақ, Ильин болашақта бапкерлік қызметке де кірісетінін айтты.

Айта кетейік, 2016 жылы Илья Ильин қанынан тыйым салынған заттар табылуына байланысты 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында алған екі алтын медалінен айырылған еді. Ильин 2018 жылы үлкен спортқа қайта оралды, бірақ денсаулығына байланысты спорттағы бұрынғы деңгейіне көтеріле алмады.

Жаңалықтар
0