Қоғам

Халықаралық іздеуде болған қылмыскер Қазақстанда ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2013 жылы қаңтар айында Алматыдағы дәмхананың алдында болған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жеті жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адам Семей қаласында ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл оқиға 2013 жылы қаңтар айында "Құлагер" ықшамауданында орналасқан дәмхананың алдында болған. 

"Күдікті мас күйінде үш адамға себепсіз пышақ жарақатын салған. Жәбірленушілердің біреуі есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі ер адам көптеген жарақаттармен қалалық клиникалық ауруханаға түсті", - дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сол кезде Жетісу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда қылмыскер бірден басқа аймаққа кетіп қалып, ізін жасырған. Полицейлер қылмыскердің басқа мемлекетке қашып кетуі мүмкін деген болжам да жасады. Сол себепті халықаралық іздеуге салды. Бірақ ол Шығыс Қазақстан облысында тығылып жүрген. 

"Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестермен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген қылмыскер Семей қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін Алматыға жеткізіледі", - деп атап көрсетті Іңкәров.

Жаңалықтар
0