Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты адам қайтыс болды

© Sputnik / AFK Sistema / Медиабанкке өтуКоронавирусқа қарсы вакцина
Коронавирусқа қарсы вакцина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда өткен тәулікте жетпіс жеті адам коронавирус жұқтырды, 353 науқас пневмонияға шалдыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте 77 адам вирус жұқтырды, 353 науқаста пневмония диагнозы расталды.

Наурыздан бастап республикада коронавирус жұқтырғандар саны 106 661 адамға жетті, 1656 пациент көз жұмды.

1 тамыздан 28 928 адам пневмонияға шалдықты, 318 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды

Қазір коронавирус инфекциясынан 4 596 адам емделіп жатыр, олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда.

137 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 25 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 28 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0