04:11 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1538)
159 0 0

Қазақстанда бір тәулік ішінде 307 адам пневмонияға шалдықты, олардан коронавирус инфекциясы анықталмаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте, 11 қыркүйекте коронавирус пневмониясына шалдыққан 307 жаңа науқас анықталды, екі адам қайтыс болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Сондай-ақ, бір тәулікте пневмониямен ауырған 145 адам сауығып шықты, олардан коронавирус табылмады.

Қазақстанда барлығы 29 235 адам коронавирус пневмониясымен ауырып, олардың 320-сы қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт беріледі 

Еске сала кетейік, Қазақстанда КОВИД тәрізді пневмониямен ауырғандар статистикаға тек 2020 жылдың 1 тамызынан бастап енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәліметтерді қайта есептемейді.  

11 қыркүйекте алынған мәліметтер 

Қазақстанда 11 қыркүйекте 68 адам коронавирус жұқтырып, бес адам көз жұмғаны белгілі болды.  

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 4 550 адам, оның ішінде 32 бала коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

130 адамның жағдайы ауыр, 26-сы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1538)

Тақырып бойынша

Қазақстанда бір тәулікте індетті жұқтырғандардың саны қанша адамға көбейді
Қазақстанда қай кезде ең қатаң карантин жарияланатыны белгілі болды
Министрлік науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлуді неге тоқтатқанын айтты
Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып