Қоғам

Білім министрі де бар – желіде тараған суретке қатысты қандай шара қолданылады

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Социальные сети
Социальные сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас мемлекеттік санитар дәрігер бұл оқиға жан-жақты зерделенетінін айтты. Соның нәтижесінде тиісті шара қолданылады  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Бурабайдағы IQanat High School-дың ашылуында жүздеген адамның бетпердесіз фотоға түсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз ол жайында білеміз. Сондықтан тиісті шаралар қолға алынады. Бүгінде заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың нақты тәртібі бар. Осы оқиға да зерделеніп, заң бойынша шара қолданылады. Ішінде министрдің де болғанын білеміз", - деді Есмағамбетова.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде тараған суретте жүздеген адамның далада отырғанын көруге болады. Басым бөлігі бетпердесіз. Ортада білім және ғылым министрі де бар. Бірақ Асхат Аймағамбетов бетперде тағып отырған. Ал оның жанында кәсіпкер Айдын Рахымбаев және тағы басқа адамдар санитарлық нормаларды сақтамаған.

Рахымбаев бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"Фотограф "Масканы шешіп, 4 секунд тыныс алмай отырамыз, болды, масканы тағамыз" деп айтты. Фото осылай түсірілді, 250 куәгер бар. Уайымдап отырғандарыңыз үшін рахмет", - деп жазды ол.

 

 

Жаңалықтар
0