Қоғам

Қазақстандық кәсіпкер салық төлемегені үшін бес жылға түрмеге қамалды

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық кодексі
Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған компанияларды басқарған кәсіпкер салық есептілігіне кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректерді енгізген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында бюджетке 1,6 миллиард теңге салық пен міндетті төлем төлемеген кәсіпкерге сот үкімі шықты. Бизнесмен бес жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері салық төлеуден жалтарған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеді.

Кәсіпкер құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын бірнеше жалған фирма құрып, салық есептілігіне жалған деректер енгізіп келген.

"Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйым атынан бюджетке салық төлеуден жалтарды. Қылмыстық әрекеттер салдарынан бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 миллиард  635 миллион теңге материалдық залал келтірілді", - деп мәлімдеді қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен күдікті Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-тармағы "Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару" бойынша кінәлі деп танылды.

Ол мемлекеттік және коммерциялық, басқа да ұйымдарда 3 жылға қызмет атқару құқығынан айырылып, 5 жылға сотталды.

Жаңалықтар
0