19:32 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (639)
72 0 0

Есмағамбетованың айтуынша, мәртебеге қарай тиісті талаптар жеңілдетіледі немесе күшейтіледі. Бірақ бетпердені тағу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәжіліс отырысы кезінде бетперде тағуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұмауға қарсы вакцинацияға арналған брифингте журналистер мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бетпердесіз отырыс өткізуі туралы сұрады.

"Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен аптадағы жалпы отырысты бастан-аяқ бетпердесіз өткізді. Бұл ережені бұзу емес пе?",  – деді тілшілер.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, тамыздың соңында қабылданған қаулы бойынша отырысты онлайн форматта өткізуге мүмкіндік болмаса, дәстүрлі түрде ұйымдастыруға рұқсат берілген. Бірақ бетпердені тағу қажет.

"Санитарлық ережелер бойынша бетпердені міндетті түрде тағу керек. Сонымен қатар, адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы шарт. Негізі, мәжіліс пен сенат президенттің іс басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне қарайды", – деді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: "Маған баға берудің қажеті жоқ" Нығматулин жаңа вице-министрге шүйлікті

Оның сөзіне қарағанда, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша барлығына ортақ талаптар енгізіледі. Ал санитарлық қызметтер жағдайға қарай ол талаптарды жеңілдетеді, я болмаса, күшейте алады.

"Мысалы, президенттің іс басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мәртебе мен жағдайға қарай тиісті талаптарды жеңілдетеді немесе күшейтеді. Бетперде тағу қажет ", – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)

Тақырып бойынша

"Аллаху әкбар, ақша жоқ!": Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады
"Неге күлесіз?!": Нығматулин министр Атамқұловқа ескерту жасады
Карантин депутаттардың жұмысына өзгеріс енгізді – Нығматулин мәлімдеме жасады
"Оны қалай төлейді?": Нығматулин халықты ойламайтын шенеуніктерге шүйлікті
Нығматулин қазақ тіліндегі сұраққа орысша жауап берген шенеунікті ұялтып тастады
Кілт сөздер:
карантин, бетперде
Загрузка...

Басты тақырып