18:04 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
813 0 0

Бүгінде ҰБТ кезінде жұмыс істейтін комиссияларды құруға қыруар қаржы жұмсалады. Цифрландыру аясында алдымен осы шығындарды қысқарту жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгертуге қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде ҰБТ кезінде жұмыс істейтін комиссияларды құруға қыруар қаржы жұмсалады. Цифрландыру аясында алдымен осы шығындарды қысқарту жоспарланған. 

"Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұдан бөлек, тест сұрақтары өзгереді. Соңғы бірнеше жылдың ішінде тапсырмалардың базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілсе де, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Ал қазіргі мақсат - сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты арттыру. 

"Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл - мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тестте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек", - дейді Аймағамбетов. 

Министр аталған шараның барлығы алдын ала сарапшылар мен педагогтардың талқылауына шығарылатынын да жеткізді.  Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.

Тақырып бойынша

Білім министрі де бар – желіде тараған суретке қатысты қандай шара қолданылады
"Алты жасымда әкемнен айырылдым": Аймағамбетов желіде жазба жариялады
Депутат білім министріне шүйлікті: ведомство жауабы қандай
Білім министрі ата-аналар үшін жақсы жаңалықты бөлісті
Дәстүрлі білім беру форматына көшу: министрлік бірнеше ұсыныс жасады
Кілт сөздер:
жоспар, Асхат Аймағамбетов, білім министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып