Қоғам

Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 

Жазылу
Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға және мемлекеттік органдардың ремси дереккөзіне сенуге шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Спортшы Қуат Хамитовтың атышулы видеосы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ол әлеуметтік желі арқылы азаматтарды заңсыз әрекетке үндейтін видео жариялаған. Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және мемлекеттік органдардың ресми дереккөзіне сенуге шақырады", - деді Ораз қаржы пирамидалары туралы істерді тергеу барысына арналған онлайн брифингте.

Еске сала кетсек, қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовтың әлеуметтік желідегі видеосы резонанс туғызды. Спортшы  "халықты улап жатқан" дезинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырады. 

Полиция Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты. Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. 

Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0