Қоғам

Иммунолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталатынын айтты

© REUTERS / MARZIO TONIOLOУчитель помогает школьнику обработать руки антисептиком перед уроком
Учитель помогает школьнику обработать руки антисептиком перед уроком - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ел үкіметтері денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын ескере отырып, жаңа шектеу шараларын енгізуі керек, деді маман

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Әлемде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін пандемияның жалғасы деп бағалауға болады. Дәрігер иммунолог, медицина ғылымдарының докторы, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов осындай ойын бөлісті. 

"Бірінші толқын кезінде ауырмағандар вирус жұқтырып жатыр. Бұл, әсіресе, қатаң шараларды қабылдап вирустың таралуын тоқтатуға тырысқан елдерге қатысты", - деді Жемчугов Sputnik радиосы.

Маман коронавирусты от ұшқыны жеткен жанар-жағармаймен салыстырды. Алайда аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман бұл қорқынышты жағдай емес екенін жеткізді. Оның ойынша, ел үкіметтері денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын ескере отырып, жаңа шектеу шараларын енгізуі керек.

"Егер үкіметтер денсаулық сақтау жүйесі орта және ауыр жағдайдағы пациенттер санының артуы кезінде адам өлімін болдырмайтын болса, шектеу шараларын енгізбеуге болады. Ол үшін денсаулық сақтау жүйесі жоғары деңгейде болуы тиіс. Сол кезде пандемия тез аяқталады", - деді Жемчугов.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде соңғы тәулікте 307,9 мың адам COVID-19 жұқтырғанын хабарлаған болатын. Бұл соңғы уақыттағы рекордтық өсім. Бұл уақытқа дейін 6 қыркүйекте 306,9 мың адам болған.

Жаңалықтар
0