18:57 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Министрінің айтуынша, негізгі мақсат – фонограммаға толығымен тыйым салу. Ал қазіргі нормалар соған кезең-кезеңімен жетудің бір жолы

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фонограммаға толығымен тыйым салу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мәдениет саласына қатысты заң жобасын мақұлдады. Ал бұл құжатта фонограмманы пайдалану мәселесі ескерілген. Атап айтқанда, жарнамалар мен кассаларда концерт кезінде фонограмманы пайдалану туралы хабарлама болуы шарт.

Осы орайда мәжіліс депутаттары министрден фонограммаға толығымен тыйым салуға қатысты жеке ойын сұрады. Мәдениет министрінің айтуынша, негізгі мақсат – фонограммаға толығымен тыйым салу. Ал қазіргі нормалар соған кезең-кезеңімен жетудің бір жолы болса керек.

"Мен өзім біртіндеп фонограммаға тыйым салуды қолдаймын. Бірақ оған біз де, қоғам да дайын болуы керек", – деді Райымқұлова.

Айта кетейік, мәдениет саласына арналған заң жобасында концерт кезінде әншілер тарапынан әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу, жоспарланған концерттік бағдарламаны орындамау және әдепсіз сөздер бар репертуар таңдау бойынша бірқатар міндеттемелер қарастырылған. Бұның барлығы алдымен концерт ұйымдастырушы мен орындаушы арасында рәсімделетен келісімшартта жазылады. Ал осы нормалар бұзылса, онда әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылады.

Оқи отырыңыз: "Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды

Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді
Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады
Фонограммаға қатысты заң жобасы сенатқа жіберілді
Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, әншілер, фонограмма
Загрузка...

Басты тақырып