03:46 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2749 0 0

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі тексеріс кезінде нормаларды бұзу жағдайларын анықтап, бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатқан болатын

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр. Министрліктің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды", - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Оның басым бөлігі комитет тексеріс жүргізгеннен кейін қайтарылды.

Министрліктің хабарлауынша, лицензиясы қайтарылған жоғары оқу орындары "педагогикалық ғылымдар", "өнер", "гуманитарлық ғылымдар", "жаратылыстану ғылымдары", "техника ғылымдары", "қызмет көрсету" және "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік ғылымдар" бағыты бойынша мамандар даярлайды.

Жоғары оқу орындары талапкерді оқуға қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтамаған.

Айта кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрлігі тексеріс кезінде нормаларды бұзу анықталып, бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатты.  Министрлік "Алматы" университеті, Алматының экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті мен Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің лицензиясын тәртіп бұзушылықтар жойылғанша тоқтатуға шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің "құқық" (бакалавриат) бағыты бойынша лицензиясына қосымшаның күші тоқтатылды.

Тақырып бойынша

Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
"Мұғалімдер қобалжыды": Білім министрлігі ата-аналардан кешірім сұрады
Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты
"Алты жасымда әкемнен айырылдым": Аймағамбетов желіде жазба жариялады
Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды
Загрузка...

Басты тақырып