12:02 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
847 0 0

Министр Юрий Ильин мемлекет басшысына төтенше жағдайлардың алдын алу қызметін қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Юрий Ильин президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функциялар мен материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндады.

Жаңадан тағайындалған министр мемлекет басшысына төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында осы құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаевқа қарайтын жоғары кеңестің құрамы жарияланды 

Министрдің айтуынша, биыл сегіз айдың ішінде төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандардың саны азайған.

"Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сондай-ақ, көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді", - делінген ресми хабарламада.

Тақырып бойынша

Қазақстанда төтенше жағдайлардан 246 адам көз жұмды
Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады
Қазақстанда төтенше жағдайлар министрлігі құрылды
Тоқаев Ильинді төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындады
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып