Қоғам

Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев

© Photo : Официальный сайт первого президента КазахстанаЗаседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Нурсултана Назарбаева
Заседание Совета Безопасности Республики Казахстан под председательством Нурсултана Назарбаева  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның "екінші толқынына" ресурстарды дайындау, алдын-алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Ең алдымен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің және коронавирус инфекциясымен күресуге үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің жанқиярлық еңбегін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті

Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дайындық туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі тәуекелдері мен оларды алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы есептерін тыңдады. 

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның "екінші толқынына" ресурстарды дайындау, алдын-алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ сырқаттану деңгейін шынайы бағалау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті.

"Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму болжамын, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердің тұжырымдамалық жоспарын әзірлеу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жоспарын бүгінгі жағдайларды ескере отырып, тағы да пысықтау керек. Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне және онымен байланысты қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек", – деді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Сонымен бірге, кездесу барысында құқық қорғау органдарына қылмыстық ахуалдың нашарлауына және қылмыстың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ алдын алу шараларын әзірлеу тапсырылды.

"Халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен тарифтерді негізсіз өсіруге жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау маңызды. Сондай-ақ, жылыту маусымына сапалы дайындық жасап, басқа да өзекті стратегиялық мәселелерге көңіл бөлу керек", – деп қорытындылады Назарбаев.

Жаңалықтар
0