00:22 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
91 0 0

Парламент депутаттары Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Қылмыс жасауға арандату" бабына өзгерістер енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Сенат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасына өзгерістер енгізіп, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжат үкіметтің 2019 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген болатын.

Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, заң жобасын талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындаған. Депутаттар Қылмыстық кодекстің "Қылмыс жасауға арандату" бабына өзгерістер енгізді.

"Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады. Оған сәйкес кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері қылмыс жасауға арандату болып саналады", - деді Лукин.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1-бабы 2-1-бөлігіне сәйкес, Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.

Осыған байланысты осы заң жобасынан Кодекске осы түзетулерді алып тастау қажет, деп санайды сенат.

Заң жобасына сенат енгізген түзетулер қабылданып, мәжіліске кері қайтарылды. Ал төменгі палата мақұлдаған қалған баптар қабылданды.Оған сәйкес, енді мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасын қабылдады 

Дербес құрылымдық бөлімше басшыcы лауазымынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды, сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдарды сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызу ұсынылды.

Өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін белгілеу көзделеді.

Заң жобасымен 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Тақырып бойынша

Шенеуніктер мен депутаттардың шетелдегі шоттарына қатысты жаңа шектеулер енгізіледі
Ұлттық компаниялардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкере болды
Әшімбаев сенаторлардың демалыс кезінде немен айналысқанын айтты
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Загрузка...

Басты тақырып