14:48 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Биылғы жылы байқаудың өңірлік іріктеу кезеңдерін ғана онлайн режимінде өткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек Sputnik. Қазақстанда биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауы өткізілмейді. Мұндай шешімнің қабылданғанын ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы хабарлады.

"Қазақстан аруы" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл байқау ұйымдастырушылары мен қатысушылары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға айрықша назар аудармақ.

"Осындай қиын кезеңде финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді "Сұлулық мейірімділікте" әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниет танытып отырмыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында, сондай-ақ, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық жобаларына белсенді түрде қатыса отырып қана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз", - деді байқаудың директоры Алена Кырбасова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатаң карантиннің алғашқы күнінен бастап, сұлулық байқауының әр жылдардағы финалистері еріктілер қозғалысына қатысып келеді. Олар азық-түлік толтырылған себеттерді дүкенге шығуға қауқарсыз мұқтаж қарияларға, тәулік бойы жұмыс істейтін дәрігерлерге жеткізген.

Сонымен, биыл "Қазақстан аруы" байқауының онлайн форматындағы өңірлік іріктеу турлары ғана өтеді.

Биыл "Әлем аруы" байқауы да өтпейтін болды.

Загрузка...

Басты тақырып