19:51 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
385 0 0

Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформаларының жұмыс істеу жылдамдығы төмен, деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед қашықтан оқып жатқан оқушыларды тегін интернетпен қамтамасыз етуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазіргі таңда Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформалары екенін атап өтті. Әр мектеп қандай платформаны қолданатынын өзі шешеді. Бірақ, депутаттың айтуынша, барлық отандық білім платформаларына ортақ бір кемшілік бар: жұмыс істеу жылдамдығы төмен. Ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан да осыған қатысты көп сын айтылуда.

"Шетелдік онлайн ресурстар мен қосымшалар интернет-трафиктің дәл сондай көлемімен анағұрлым жылдам жұмыс істейді. Алматы қаласында оқудың бірінші күні-ақ Bilimland платформасына 70 мыңнан астам қолданушы қосылған сәтте, жүйе істен шықты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторымен бірлесіп іске қосқан "Білім" тарифі де белгілі бір сұрақтар туындатып отыр", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Айтуынша, "Білім" тарифімен қазақстандық білім ресурстарына ғана шексіз кіруге болады. Ал шетелдік білім беру ресурстарына кіруге мүмкіндік беретін ай сайынғы 1 Гб қосымша интернет-трафик жеткіліксіз. Мәселен, видеобайланыстың стандартты сапасы кезінде және оған үш немесе одан да көп адам қатысатын болса, Zoom қосымшасы сағатына 810 Мегабайтты талап етеді. Ал гигабайт 1000 мегабайтқа тең.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады 

"Қолданушылар осы лимиттен тыс интернет-трафикті өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Оқушылардың ата-аналары тариф аясында трафиктің көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды тегін интернетпен қамтамасыз ету азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға конституциялық кепілдіктеріне байланысты негізделген болып табылады", - деді Құл-Мұхаммед.

Сенатор мәселенің балама шешімі ретінде ай сайынғы абоненттік төлем құнын аз ғана өсіре отырып, қосымша интернет-трафикті арттыру мәселесін қарастырған дұрыс деп санайды.

Тақырып бойынша

Бас санитар дәрігер: мектептегі оқуды қалпына келтіру жоспары бар
Білім министрі ата-аналар үшін жақсы жаңалықты бөлісті
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі
Парламентте тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік қорын құру ұсынылды  
Кілт сөздер:
оқушылар, интернет
Загрузка...

Басты тақырып