Қоғам

Арнайы операция: полиция 10 адамды ұстады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКісен, адамдар
Кісен, адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп алтын контрабандасымен айналысқан бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Қылмыстық топ мүшелері шикізатты Ақмола облысының кәсіпорындарынан ұрлаған. Алдымен, алтынды өңдеу үшін жасырын цехтарға жеткізіп, кейін елден шығарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операция барысында полицейлер ірі контрабанда каналының жолын кесіп, 10 адамды ұстады. Заттай айғақтар мен техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жедел тергеу шаралары жалғасуда.

Жаңалықтар
0