18:19 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
674 0 0

Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған. Сонымен қатар, бұл іске тағы да бір адамның қатысы болуы мүмкін деп айтылуда

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында екі педагогке қатысты тергеу шаралары басталды. Олар кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін айыпталып отыр.

Үштөбе қалалық полициясына 16 жастағы екі оқушының ата-аналары арыз түсірген. Олардың шағымы 13 тамызда тіркелді.

Бүгінде дене шынықтыру пәні бойынша екі мұғалім қамауға алынды. Олар екі бөлек мектепте жұмыс істейді. Екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды бірнеше рет зорлады деген күдік бар. Бір қыз Қапшағай колледжінде оқиды, ал екіншісі – Үштөбе мектебінің оқушысы.

Облыстық білім беру басқармасы осы ақпаратты растады. Бірақ тергеу шараларының жүргізіліп жатуына байланысты басқарма басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова оқиғаның мән-жайын айтпады. Алайда, екі мұғалімге қатысты пікір білдірді.

"Иә, біз осы фактілер туралы білеміз. Қазіргі кезде полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сол себепті оқиғаның мән-жайын айта алмаймыз. Негізі, екі мұғалім де үйленген. Бас кезінде мінездемелері де жақсы болған", - дейді Сүлейманова.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін сол білім беру мекемелерінде оқушылар арасында сауалнама жүргізілген. Бірақ тәртіп бұзушылықтар туралы мәлімет тіркелмеді.

Облыстық полиция департаменті ресми ақпарат бермеді. Тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, тағы бір адамның осы іске қатысы болуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірақ ол білім беру саласында жұмыс істемейді.

Оқи отырыңыз: Алматылық қыз мас болып төбелескеннен кейін "зорлау" оқиғасын ойлап тапқан

Тақырып бойынша

Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды
Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі: сот үкімі қайта қаралды
"Тальгода" әйелді зорлау оқиғасы: жолсеріктің әкесі жауапқа тартылды
Сәтбаевтағы бүлдіршінді зорлау оқиғасына қатысты тың дерек шықты
Баланы зорлау бойынша бір адамның үстінен 60 қылмыстық іс қозғалған – бас прокуратура
Кілт сөздер:
Алматы облысы, зорлау, қызды зорлау
Загрузка...

Басты тақырып