18:43 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1526)
106 0 0

Сынаққа 18 бен 50 жас аралығындағы еріктілер қатысады, денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеудің екі фазасын жүргізуге рұқсат берді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағы басталды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

Клиникалық сынақ 18 бен 50 жас аралығындағы дені сау еріктілер арасында жүргізіледі.

Сынақтың I фазасы вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған. Оған  коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 адам қатысады.

Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктіні қатыстыру жоспарланып отыр.

"Бірінші және екінші кезең аясында еріктілерге вакцина салынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинациялауға рұқсат берді. Клиникалық зерттеуге 244 ерікті қажет болатын. Алайда, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық сынаққа қатысуға ниет білдірген еріктілерден он күннің ішінде түскен өтініштер саны әлдеқайда көп болды. Хабарландыру шыққаннан кейін бірнеше күн өткен соң, өтініштерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық", - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Ол отандастарға ғылым саласына көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтты.

Министрліктің мәліметінше, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Енді олар скринингтен өтіп, вакцинацияланатын еріктілер тобы құрылады.

Клиникалық сынақтар аккредиттелген клиникалық база – денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және GCP стандарты бойынша сертификатталған база – "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.

Тағы оқыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 шілдеде коронавирусқа қарсы QazCovid-in️ вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналардың тізіміне қосқан болатын.

Вакцинаның жеті әзірлеушісі вируспен тұрақты түрде жұмыс істегендіктен, өздерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында вакцина салдырды. Олардың арасында институт директоры да бар. Талдау нәтижелері бойынша, барлығының бойында вирусқа қарсы антидене қалыптасты. Қызметкерлердің денсаулығы жақсы, бүгінде олар ғылыми-техникалық бағдарлама аясында өздерінің жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ал жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы әзірлеген тағы бір вакцинасын тізімге енгізді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1526)

Тақырып бойынша

Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды 
Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті
Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін
Денсаулық министрі өзіне вакцина салдырды
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып