Қоғам

Қазақстанда халық санағы қашан өтетіні айтылды

Жазылу
Қазақстанда ұлттық халық санағы он жылда бір рет өткізіледі. Соңғы рет науқан 2009 жылы өткен болатын

АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкіметтің "2020 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, халық санағы 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өткізіледі.Сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

"Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 2021 жылы халықтың ұлттық халық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылады", - деп жазылған үкімет сайтында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында жүргізіледі деп бекітілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмейтін болды.

Қазақстанда ұлттық халық санағы он жылда бір рет өткізіледі. Соңғы рет науқан 2009 жылы өтті.

Жаңалықтар
0