Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМедицинский работник в больнице
Медицинский работник в больнице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте республикада тағы 235 адамның коронавирустың белгілері бар пневмониямен ауырғаны анықталды, 36 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте, 18 қыркүйекте бес қазақстандық коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Атап айтқанда, коронавирус жұқтырған төрт науқас, пневмонияға шалдыққан бір адам көз жұмды. 

Ковид белгілері бар пневмонияға қатысты мәліметтер

Өткен тәулікте 235 науқас тіркелді, 36 адам сауығып кетті.

Пневмониямен ауырғандардың жалпы саны (1 тамыздан бастап) –30 814, қайтыс болғандар – 338, барлығы 26 569 адам жазылып шықты.

Коронавирус туралы мәліметтер

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3684 адам емделіп жатыр, оның 39-ы бала.  

102 адамның жағдайы ауыр, 13-і – өте ауыр дәрежеде, 16 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Қазақстанда 2020 жылдың наурызынан бастап 107 199 COVID-19 індетін жұқтырды, 1 671 адам қайтыс болды, 101 822 науқас жазылды.   

Жаңалықтар
0