Қоғам

Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуОтопление
Отопление  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаладағы 11 нүктеде сатылады. Оның бағасы мен түрлеріне қатысты ақпаратты 109 нөмірі бойынша білуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Елордада ауа-райының күрт салқындауына байланысты елордада жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

"Балабақшалардың шамамен 50%-ін, денсаулық сақтау нысандарының 25%-ін, білім беру мен мәдениет нысандарын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін жылытуға қосу бойынша да дайындықтар жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде объектілерге дайындық паспорттары алынды. Ал жаңа нысандарды жылыту желілеріне қосу көздері анықталды.

Айта кетейік, жеке сектор тұрғындары үшін көмір қаланың әртүрлі бөліктеріндегі 11 нүктеде сатылады. Қоймалар отын жеткілікті көлемде бар. Көмірдің бағасы мен түрлеріне қатысты ақпаратты 109 жедел желі нөмірі бойынша білуге болады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда үйге газ кіргізу бағасы қанша теңге болады – әкім жауабы

Сонымен қатар, тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда.

Жаңалықтар
0