Қоғам

Қазақстандықтар кіші қажылыққа қай кезде бара алады – мүфтият жауап берді

© AP Photo / STRПаломники в Мекке во время хаджа
Паломники в Мекке во время хаджа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауд Арабиясының билігі Әл-Харам мешітіне кіруге енгізілген шектеулерді кезең-кезеңімен алатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. 1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа келетін шетел азаматтарын қабылдауды бастайды. Діни басқарма қазақстандықтардың ұмраға қай кезде бара алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әзірше, бізді кіргізіп жатқан жоқ. Олар алдымен Парсы шығанағы елдерінің азаматтарын қабылдайды. Одан кейін кезең-кезеңімен 2021 жылға қарай бізге де ұмраға баруға рұқсат беріледі", – дейді мүфтият мамандары.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының билігі Әл-Харам мешітіне кіруге енгізілген шектеулерді кезең-кезеңімен алатынын мәлімдеді. 4 қазаннан бастап әлемдегі ең үлкен мешітке және оның ішінде орналасқан қасиетті Қағбаға Сауд Арабиясының тұрғындарын жібере бастайды. Күніне шамамен, алты мың адамға ғана рұқсат беріледі. Ал 18 қазанда адам санын 15 мыңға дейін арттырады.

Оқи отырыңыз: Ұмра-2020: қазақстандықтар кіші қажылыққа уақытша бара алмайтын болды

1 қарашадан бастап эпидемиологиялық жағдайға қарай шетелдік азаматтарға да кіші қажылыққа кіруге рұқсат беріледі деген жоспар бар.

Жаңалықтар
0