Қоғам

Қазақстанда қазан айынан бастап темекі сатудың тәртібі өзгереді

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. 1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді. Яғни, бұл өнім енді міндетті таңбалануға жатады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерінің кез-келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы қолжетімді болмақ. Мұндай міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты контрафактілік өнімдерден – арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды.

Оқи отырыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекі өнімдерінің барлығы, ал 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – сигаралар мен сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты өнімдердің өзге де түрлері міндетті таңбалауға жатады.

Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен.

Қыркүйек айының басында бөлшек сауда орындарында бір қорап темекінің құны 489 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ке қымбат.

"Темекі қорабы Ақтөбе (534 теңге) мен Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түседі. Ең арзан баға Петропавл (468 теңге) мен Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 ​​теңге) қалаларында болып тұр", – деп хабарлайды агенттік.

Қазақстанда қанша адам темекі шегеді

Статистика комитетінің сауалнамасына сәйкес, қазір елімізде адамдардың 21,9% темекі тартса, 78,1% темекі шекпейді. Сондай-ақ, Қазақстанда тәулігіне 14,1 миллион дана темекі өнімдері шегілетін көрінеді.

Жаңалықтар
0