Қоғам

Шымкентте төрт адам 40 миллион теңгемен ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша жалған шот-фактура жазумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында жалған шот-фактуралармен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, комитеттің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бір топ адамның алдын-ала сөз байласып, іс жүзінде орындамаған жұмыстар мен тиелмеген тауарлар бойынша аса ірі көлемде сомаға жалған шот-фактура жазумен айналысқанын анықтады.

"Атап айтқанда, 4 азамат алдын-ала сөз байласып, 615 миллион теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 миллион теңге, яғни жалпы соманың 6,5%-ін сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды", – дейді тергеушілер.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Осыған орай, оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 

Жаңалықтар
0