Қоғам

Ішкі істер министрі әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

© Sputnik / Владислав ВодневFacebook
Facebook - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының халыққа жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында бүгіннен бастап ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунтының ашылғанын хабарлаймын. Негізгі мақсат - халықпен диалог жасаудың алаңын құру", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

Бұл қадам полицияның ашық және қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз, деді ол.

Ішкі істер министрінің Facebook-тегі алғашқы досы - өзінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. Министр Тұрғымбаев әлеуметтік желі арқылы ішкі істер органдарын реформалауға, сондай-ақ, полиция мен қарапайым азаматтар арасында байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

"Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет - халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін. Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет!", – деп жазды Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Желіде видео бөліскен алматылықтың басы бәлеге қалды

Жаңалықтар
0