Қоғам

Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банк өкілінің айтуынша, зейнетақы табыс көзі болып саналмайтындықтан, зейнеткер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы табыс тауып жүргенін растауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Жұмыс істейтін зейнеткерлер екі қосалқы қарыз алушыны көрсетсе, "5-10-20" бағдарламасымен баспана ала алады. Бұл туралы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қолжетімді баспана: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн-брифингі

"Әкімдік кезегінде тұрған зейнеткерлер де "5-10-20" бағдарламасына қатыса алады. Бірақ осы санаттағы адамдардың табысы болуы шарт, яғни олар жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, екі қосалқы қарыз алушыны көрсетуі керек. Сонда 5 проценттік ипотекамен баспана алуға мүмкіндік беріледі", – деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – әкімдік кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамту. Бірақ еңбек қызметі немесе кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табу міндеті бар.

© Sputnik / Владислав ВодневДиректор центрального филиала АО "Жилстройсбербанк" Жансултан Матаев
Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды - Sputnik Қазақстан
Директор центрального филиала АО "Жилстройсбербанк" Жансултан Матаев

"Бұл – басты талап. Адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы табыс тауып жүргенін растауы тиіс. Зейнеткерлер осыны көрсете алмағандықтан, екі қосалқы қарыз алушыны тарту міндеті бар. Өйткені, зейнетақы табыс көзі болып саналмайды", – деп атап көрсетті Матаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 216 мың зейнеткер бір реттік төлем алады

Жаңалықтар
0