Қоғам

"Жағдайды қиындатып отырсыз": Нығматулин денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаСпикер мажилиса парламента Казахстана Нурлан Нигматулин
Спикер мажилиса парламента Казахстана Нурлан Нигматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Нығматулин медицина қызметкерлеріне өтемақыны толығымен және уақытында төлеу маңызды екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ осы індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төлем жасау өмірлік маңызы бар мәселе екенін мәлімдеді.

Мәжілістегі "Nur Otan" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында фракция мүшелері денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус инфекциясынан зардап шеккен және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне жәрдемақы мен өтемақыны төлеу туралы есебін тыңдады.

Нұрлан Нығматулин 22 қыркүйектегі жағдай бойынша індетке шалдыққан дәрігерлердің жалпы санының 14%-тен астамына ғана, сонымен бірге қайтыс болған медицина қызметкерлері отбасыларының 13%-не жетер-жетпесіне ғана төлем жүргізілгенін айтты, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулиннің мәліметінше, мұндай жағдай денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің наразылығын тудырып, мемлекет басшысына және парламент депутаттарына жүгінуге мәжбүр етеді.

"Коронавирус пандемиясы кезінде ең алдымен мемлекеттік аппараттың шешімдері өте жедел де кәсіби болуы тиіс.Бұған партиямыздың көшбасшысы – Елбасы және мемлекет басшысы ерекше назар аударады", - деді мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің пайымынша, өтемақының дер кезінде төленбеуі құзырлы министрліктердің әлеуметтік бөлімдері арасында өзара іс-қимылдың жоқтығын және ойластырылмағанын көрсетіп отыр.  

Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпаратты Нұрлан Нығматулин сандарды сапыру деп бағалады. Мәселен, аталған министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, еңбек министрлігіне 4 064 өтініш берілген. Сонымен қатар, кәсіби қызметін атқару кезінде 8 333 дәрігер, барлығы 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Оқи отырыңыз: Санитарлық нормалар сақталмаса, қатаң карантин енгізілуі мүмкін – Цой 

Осы ретте, мәжіліс төрағасы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға жоғарыда аталған 4 064 өтініштің өзі фракция отырысы өтетіні белгілі болғаннан кейін ғана жасалғанын айтты.

"Егер өткен 6 ай ішінде 2 475 өтінім берілсе, соңғы санаулы күндер ішінде 1 589 өтінім берілген. Яғни, берілген өтінім саны 1,6 есеге артып, ал өтемақы төленген адамдар саны 2 есеге дейін өскен. Алты айда барлығы 1 830 дәрігер өтемақы алса, соңғы біраз күнде 1665 дәрігерге беріп үлгерген. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу бойынша да жағдай осындай", - деді Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, жәрдемақы мен өтемақы беру жүйесіндегі бюрократия да мәселенің оң шешім табуына кедергі келтіріп отыр. Оған денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің бір жолғы төлем тәртібін анықтау бойынша 9 сәуірдегі бірлескен бұйрығы себеп болып отыр.

"Сіз қазіргі жағдай талаптарына мүлдем жауап бере алмайтын 2015 жылғы бұйрықты ойланбастан көшіру арқылы жағдайды қиындатып отырғаныңызды түсінесіз бе? Осының салдарынан жергілікті жерлердегі өңірлік комиссиялар тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені, оларға көптеген құжатты қарау қажет. Адамдар ауырып жатып, 43 қосымша жинауы керек. Осы рәсімді жеңілдетуге болатын еді ғой. Бұны ертерек жасауға не кедерге болды? Демек, немқұрайлы қарағансыздар", - деді Нұрлан Нығматулин.

Төлем жағдайына қатысты жіберілген қателіктердің тағы бір себебі – төтенше жағдай кезеңі аяқталғаннан кейін қажетті бұйрықтың болмауы. Бұйрық тек 22 шілдеде жаңғыртылған.

"Тек осы жерде, мәжіліс қабырғасында соңғы 2 күнде тынымсыз жұмыстың нәтижесінде ғана дұрыс тетіктерді ойластыра бастадыңыз", - деді мәжіліс спикері.

Талқылау барысында Нұрлан Нығматулин аймақтық комиссия жұмысына ведомствоаралық комиссия тарапынан қажетті бақылаудың болмағандығын баса айтты. Сондай-ақ, комиссияларды құру кезінде де немқұрайлылық байқалғаны айтылды.   

Жаңалықтар
0