Қоғам

1 640 қазақстандық ірі компанияларға жұмысқа орналасқан: жаңа сайт іске қосылды

© Photo : pixabay / fancycrave1Компьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Қазақстандықтар Samruk Qyzmet онлайн-платформасы арқылы мемлекеттік компанияға жұмысқа орналаса алады. Қазірге дейін 1640 адам осы платформа арқылы жұмысқа орналасты

АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанда Samruk Qyzmet рекрутингтік онлайн-платформасы іске қосылды.

Бұл платформа KEGOC, "Қазмұнайгаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақстан темір жолы", Air Astana, "Қазақтелеком", "Қазпочта" сияқты "Самұрық-Қазына" тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, онлайн-платформа жұмысы барысында 46 891 ізденуші тіркеліп, 6 535 бос жұмыс орны жарияланды. 1 640 адам жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында үкіметке өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласы арасында өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға атсалысуға тиіс екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыссыз қалған 55 мыңнан астам адамға жәрдемақы төленеді

"Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платформаларын құруға мүмкіндік береді", деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0