Қоғам

Министрлік әуе отыны тапшылығына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет
Самолет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Министрліктің мәліметі бойынша елорда әуежайында 3,1 мың тонна авиа керосин бар. Жақын күндері 3,9 мың тоннаны жеткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мен "SCAT" компаниясының авиа отын тапшылығына қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Павлодар мұнай-химия зауытындағы (ПМХЗ) жөндеу жұмыстарына байланысты авиа отынның ішкі нарығында әуежайлар мен әуе компанияларын авиа керосинмен қамтамасыз ету жағынан белгілі бір қиындықтар бар. Дегенмен, тұрақты жолаушылар мен жүк рейстеріне қажетті жанар-жағармай үздіксіз құйылып тұрады", - делінген ресми хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі энергетика министрлігімен бірлесе отырып, Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы жанданғанша зауыттардан, жеке компаниялар мен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-дан әуе компаниялары мен әуежайларға отын жеткізу кестесін әзірледі.

"Бүгінде әуежайларда 27,9 мың тонна отын бар. 9,2 мың тонна зауыттардан жөнелтілді. 15,6 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Жалпы көлемі 53 мың тонна. Қазан айының соңына дейін мұнай өңдеу зауыттары 2 мың тонна авиа отын шығарады. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы үшін қосымша отын бөлінеді. Сондай-ақ SCAT әуе компаниясына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан қосымша авиа керосин жеткізу жоспарланып отыр", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Әуе отыны тапшы, билет қымбаттауы мүмкін: SCAT үкіметтен көмек сұрады

Министрліктің мәліметі бойынша елорда әуежайында 3,1 мың тонна авиа керосин бар. Жақын күндері 3,9 мың тоннаны (3 мың тонна – "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, 0,7 мың тонна – "Петросан" ЖШС, 0,2 мың тонна – East fuel) жеткізу жоспарланып отыр.

Алматы әуежайындағы 5,4 мың тонна отын қалды. Тағы 4 мың тонна жеткізіледі. 5,8 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

Ал Эйр Астана әуе компаниясында 7,4 мың тонна, SCAT әуе компаниясында 1,7 мың тонна отын қалған. 1,5 мың тоннаға келісімшарт жасалды.

"Тұрақты әуе рейстерді үздіксіз орындала береді", - делінген мәлімдемеде.

 

Жаңалықтар
0