11:11 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Байқоңыр

Қазақстан мен Ресей бірігіп зымыран жасап шығармақ

Антон Денисов
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
4101

"Бәйтерек" жобасы аясында мемлекеттер бірлесіп зымыран жасап шығаруды көздеп отыр

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Қазақстан мен Ресей жақын арада "Байқоңырдың" әрі қарай қолданылуын талқылап, орташа деңгейлі зымыран жасап шығаруға кіріседі, деп хабарлады РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин РИА Новости агенттігіне.

Рогозиннің сөзіне жүгінсек, бірнеше күннен соң Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасының аясында "Байқоңырды" бірге пайдалану мәселесін қарастырады. Қазақстан сөре кешенін реконструкциялауға қаражат жағынан қатысады, содан кейін зымыранды жасап шығару жұмысы басталмақ.

"Бұл орташа деңгейлі зымыран, жер орбитасындағы жүк көтергіштігі 17 тоннаға дейін жетеді және мұнда "Байқоңырдағы" бұрынғы "Зенит" зымыранының сөре кешеніндегі дайындама қолданылады", — деді Рогозин.

РФ вице-премьері атап өткендей, мұндай зымыранның жасап шығарылуы Ресейдің ғарыш саласындағы коммерциялық қызмет көрсетулер нарығында бәсекелестігін сақтауына жәрдемдеседі.

Загрузка...

Басты тақырып