"Союз МС-06" ғарыш кемесі 13 қыркүйекте "Байқоңырдан" ұшырылады

© Sputnik / Олег Урусов / Медиабанкке өтуҒарыш кемесі
Ғарыш кемесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экипаж ғарыш аумағына 50-ден астам зерттеу жүргізу мақсатында аттанады

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз МС-06" транспорттық басқару кемесін ұшыру 13 кыркүйек күні болады, деп хабарлады Қорғаныс және аэроғарыштық өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі. Ұшыру "Гагаринский старт" (№1 алаң) алаңынан Астана уақыты бойынша 03:17 болады.

Негізгі экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин (командир), NASA астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) және Джозеф Акаба (бортинженер) бар.
Экспедицияның алға қойған міндеті ресейлік және американдық  жүк кемелерімен кемеден тыс жұмыстарды орындау болып табылады. 
2017 жылы қыркүйекте "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштың аппараттарды ұшыру үш мәрте:  екі "Протона" және бір "Союз" ұшырылады деп жоспарлануда. 

Жаңалықтар
0