01:32 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Байқоңырдан  Союз МС-02 басқарылатын кемесімен Союз-ФГ зымыран тасымалдағышы ұшырылды, архивтегі фото

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады

© Sputnik / Алексей Филиппов
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
371 0 0

Ресей дайындап жатқан ғарыш кемесіндегі бір орынды қазақстандық иеленеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады, деп жазды "Диапазон". 

Ақтөбеге келген "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтің айтуынша, Қазақстан "Байқоңыр" жердегі ғарыш кешенін салып жатыр. Ресеймен бірлесіп салынған зымыран тасымалдаушы "керосин — өттегі" таза отынымен жұмыс істейтін болады.  

"Ресей қазір ғарыш кемесін дайындап жатыр, ол 6 орынды болуы мүмкін, экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер болады. Кадр табылады, бізде бұл қадамға дайын мамандар көп ", — деді Айдын Айымбетов. 

Айымбетов ғарышқа 2015 жылдың қыркүйегінде ұшты. Орбитаға ол "Союз ТМА-18М" басқарылатын кемесінің бортинженері ретінде аттанды. Ғарышкер "Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы" жоғары мемлекеттік наградасына ие болды.   

 

Басты тақырыптар