Союз МС-07 ғарыш кемесі Байқоңырдан жексенбі күні ұшырылады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПуск ракеты-носителя "Союз" с космодрома Байконур, архивное фото
Пуск ракеты-носителя Союз с космодрома Байконур, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Союз-ФГ" зымыраны тасушысымен Халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкерді жеткізеді

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. "Союз-ФГ" зымыран тасушысымен "Союз МС-07" көліктік басқарылатын ғарыш кемесі жексенбі күні 17 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады.

зымыран ұшыру - Sputnik Қазақстан
Күзде Байқоңыр ғарыш айлағынан төрт зымыран тасығышты ұшыру жоспарланды

Ұшыру Гагарин стартында орындалмақ — №1 алаңқай, Астана уақыты бойынша 13.19-да. Ұшу ұзақтығы – 122 тәулік.

"Ғарыш кемесі кезекті ұзақ мерзімді экспедиция мақсатында Халықаралық ғарыш станциясына жаңа экипаж (МКС-54/55) жеткізуі тиіс", — деп түсіндірді Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Негізгі экипаж құрамына Роскосмос ғарышкері, көліктік басқарылатын кеме командирі Антон Шкаплеров, NASA америкалық астронавты, борт инженері Скотт Тингл және JAXA жапон астронавты, борт инженері Норишиге Канаи кіреді.

Экспедиция мақсаты – ресейлік және америкалық жүк кемелерімен жұмыс істеу, "ашық" ғарышқа шығу, станцияның жұмысын реттеу, борттық фотосуреттер мен бейне түсірілімдер жасау.

Жаңалықтар
0