Беларусь Қазақстанмен ғарыш саласындағы келісімді бекітті

© Sputnik / Олег Урусов / Медиабанкке өту"Байқоңыр" ғарыш айлағының архивтегі фотосы
Байқоңыр ғарыш айлағының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келісімге 2017 жылдың 13 тамызында Астанада қол қойылған болатын

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Беларусь министрлер кеңесі Қазақстанмен ғарышты зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті, деп хабарлады Беларусь үкіметінің баспасөз қызметі.     

Беларусь үкіметі мен Қазақстан үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2017 жылдың 13 тамызында Астанада қол қойылды.

 Сыртқы істер министрлігіне келісім күшіне енуі үшін Беларусь қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарландыру жолдау тапсырылды.  

 

Жаңалықтар
0