01:23 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Зымыран ұшыру

"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды

© Sputnik / Стрингер
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Алдағы уақытта ғарыш айлағынан зымыран ұшыру 11 қазанға жоспарланған. "Союз МС-10" ғарыш кемесі аттандырылуы мүмкін

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды үш айға тоқтатуға шешім қабылдады.

РИА Новости хабарлағандай, биыл Ресей ғарыштан бес зымыран ұшырған екен. Естеріңізге сала кетсек, өткен сейсенбіде Байқоңырдан  "Прогресс МС-09" жүк кемесі аттандырылып, қас қағым сәтте Халықаралық ғарыш станциясына жеткен болатын.

"Шілде, тамыз және қыркүйекте зымыран ұшырылмайды. Алдағы ұшыру қазан айына жоспарланған. "Союз МС-10" басқарылатын ғарыш кемесі 11 қазанда аттанбақ", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Жоспар бойынша, ХҒС-ға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хайг сапар шегуі тиіс.

Ресей, Германия және АҚШ азаматтары Байқоңырдан ғарышқа сапар шекті

Сонымен бірге, 31 қазанда "Прогресс МС-10" жүк кемесі ұшырылады. Әрі жыл соңында Мысырдың EgyptSat-A спутнигі, "Благовест" әскери аппараты және 20 желтоқсанда тағы бір басқарылатын кеме "Союз МС-11" аттандырылады.

Байқоңырда әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салынды

Тақырып бойынша

Аэроғарыш комитеті тағы бір қазақстандықты ғарышқа ұшыруға қатысты түсініктеме берді
Байқоңыр прокуратурасы "Южный" ғарыш орталығындағы құқықбұзушылықты анықтады
Астана мен Мәскеу Байқоңыр бойынша отырысты жылдың соңына дейін өткізеді
Күзде Байқоңыр ғарыш айлағынан төрт зымыран тасығышты ұшыру жоспарланды
Кілт сөздер:
зымырандар, ғарышқа сапар, Байқоңыр, Ресей
Загрузка...

Басты тақырыптар