03:00 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Мальтада болған айдың тұтылуы

Ғасырда бір болатын құбылыс: бүгін қазақстандықтар айдың толық тұтылуын көреді

© REUTERS / DARRIN ZAMMIT LUPI
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
349620

Жалпы айдың тұтылуы бес сағаттан артық уақытқа созылады, ал толық тұтылуы екі сағаттай болады

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Бүгін қазақстандықтар ғасырдың басты астрономиялық оқиғасын тамашалай алады. Сенбі 28 шілдеге қараған түні өте сирек болатын айдың толық тұтылуы мен Марстың Ұлы қозғалысы құбылысы уақыты және жері бойынша да тұспа-тұс келеді, деп хабарлайды Sputnik. 

"Бұл көптен күткен оқиға, өйткені біраз уақыттан бері айдың толық тұтылуын көрген жоқпыз (31 қаңтарда болған тұтылуды есепке алмаймыз – суық және аспан бұлтты болды). Сонымен бірге бұл жолы айдың табағы мен жер көлеңкесінің орталығы өте жақын түйіседі. Ай толық тұтылады, сондықтан оның максималды фазасы рекордтық болады —  1.614", — деді Sputnik тілшісіне М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник. 

Астроном бұл құбылыстың осы ғасырда алғаш және соңғы рет болатынын атап өтті. 

Айдың толық тұтылуы рекордтық 103 минутқа созылады. Жалпы бұл құбылыс 5 сағаттан артық уақытқа созылады. 

Айдың тұтылуы нешеде болады 

  • Басталуы  — 23:13 (Астана уақыты бойынша) 
  • Ай толық тұтылады — 01:30
  • Максималды фаза — 02:22 
  • Толық тұтылудың аяқталуы — 03:13
  • Жеке фазалардың аяқталуы — 04:19
  • Айдың тұтылуының аяқталуы — 05:30

Ай қызғылт-сары және қызғылт түске боялуы мүмкін. 

Айдың тұтылуын Қазақстанның бүкіл халқы және Ресей, ТМД елдері, Үндістан, Африка елдері тамашалай алады. 

Сондай-ақ, бүгін Күн, Жер және Марс бір түзудің бойына орналасады. Бұл құбылыс Жерден Марсқа дейінгі арақашықтық минимумға жақындап, 57.6 млн. км болғандықтан Ұлы деп аталады.

Марстағы ең суық жердің суреті жарияланды

Жалпы, бұл екі құбылысты өте сирек деп айтуға келмейді – 15-17 жылда болып тұрады, бірақ екеуінің бір уақытқа тұспа-тұс келуі таңғажайып оқиға.

Марстың қозғалысы бүгін сағат 11:00-де басталады.

Кілт сөздер:
құбылыс, айдың тұтылуы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып