Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектері құлатылуы мүмкін

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өту"Союз-ФГ" зымыран тасымалдағышы, архивтегі фото
Союз-ФГ зымыран тасымалдағышы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зымыран бөлшектерін құлататын жаңа аумақ Қостанай облысындағы Жангелдин ауданы болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей қосымша келісім жасап, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшып шығатын зымырандарды құлату аумағын анықтайды.

Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Зымыраннан қатты үрейленген адамдар үйлену тойын тастап қашты – видео

Әңгіме жаңа траекториямен ұшатын OneWeb желісінің спутниктері бар "Союз" зымырандары жайлы болып отыр. Ресейлік БАҚ-тар зымыран құлататын аумақ ретінде Қостанай облысының Жангелдин ауданы және басқа да жерлер қарастырылуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Қазғарышқа сілтеме жасап.

Бұған дейін бірқатар басылым Ресей мен Қазақстан тараптары арасында келіспеушілік туындағанын хабарлаған болатын. 

Қазақстан қалдықтарды құлатуға жаңа аумақ беруді қажет деп таппағаны, ал бұл Роскосмос пен OneWeb келісімшартына қауіп төндіргені аталып өтті.   

Дегенмен кейінірек РИА Новости Роскосмос баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарғанын хабарлады. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Аэроғарыш комитеті де OneWeb-пен келісімшарт үкіметаралық келісім жасасқаннан кейін орындалатынын мәлімдеді. 

Путин мен Ердоған АҚШ-тың Сирияға шабуылынан кейін телефон арқылы сөйлесті 

Өткен жылдың жазында Жезқазған маңында "Союз-2.1а" зымыран тасымалдаушы бөлшектерінің құлауы салдарынан жазық дала өртенді. Өрт салдарынан құлаған зымыран бөлшектерін жинап жүрген екі қызметкер көз жұмды. Өрттің шығуына аптап ыстық пен күшті жел себеп болды.

Торғай жұрты министрдің "жерді жалға бермейміз" деген сөзіне сенбейді    


Жаңалықтар
0