Жерге адамның бассүйегі пішіндес астероид тақап келеді

© Photo : J. A. Peñas/SINCБассүйек пішіндес астероид
Бассүйек пішіндес астероид - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерекше пішінді астероид 2015 жылы күзде көзге түскен болатын

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Пішіні адамның бассүйегіне ұқсайтын 2015 TB145 астероиды Жерге 11 қарашада жақындайды.

Ғалам - Sputnik Қазақстан
Жерге алып аспан денесі жақындап келеді

Аспан денесі ғаламшарымыздан 38 миллион қашықтықта өтеді, деп хабарлайды РИА Новости Live Science басылымына сілтеме жасап.

Ерекше астероид 2015 жылы күзде ғалымдардың көзіне түскен болатын. Нысанның Жерге жақындауы 31 қазанға сәйкес келгендіктен, "Хеллоуин астероиды" деген атқа ие болды.

Ол кезде аспан денесі 486 мың шақырымға жақындап, астрофизиктер бірнеше сурет түсірді. 

Ғалымдардың айтуынша, Хеллоуин астероиды адам бассүйегінің кейпінен айырылған болуы мүмкін, өйткені пішіні өзгеріске ұшырауы ықтимал. Келесі жолы астероид Жер шарына 2082 жылы бір-ақ тақап келеді деген болжам бар.

Жаңалықтар
0