Байқоңырдағы апат: құтқарушылар жерге қонған капсуладан ғарышкерлерді шығарып алды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуҒарыш кемесінің экипажды жерге түсіретін аппараты, архив суреті
Ғарыш кемесінің экипажды жерге түсіретін аппараты, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Байқоңырда "Союза" зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін жерге қонған экипажды құтқарушылар тапты. 

Союз-ФГ зымыран тасығышы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Союз" зымыранын ұшыру кезінде болған апаттың видеосы жарияланды
Экипаж мүшелері  — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман, жарақат алмаған. 

 "Біз іздестіру-құтқару командасынан хабар алдық, олар экипаж қонған жерге жетті. "Союз" командасы капсуладан шығарылды", — деп хабарлады трансляция кезінде NASA өкілі. 

"Дәрігерлер Алексей Овчининнен де, Ник Хейгтан да жарақат тапқан жоқ", — деп хабарлады Риа Новостиге Байқоңырдағы дереккөз. 

Оның айтуынша, ғарышкерлер отырған капсуланы апатқа ұшыраған зымыраннан автоматтық режимде апаттық құтқару жүйесі ажыратып жіберген.

Экипаж мүшелері Байқоңырдағы қалалық госпитальға жеткізіледі. 

Жаңалықтар
0