16:36 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Falcon 9

Қазақстан Илон Масктың зымыранымен спутник ұшырады

© AP Photo / Matt Hartman via AP
Ғарыш
Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Вице-министр Нұрғожиннің айтуынша, 19 қарашада Қазақстанның спутниктері "Falcon 9" зымыранымен ұшырылатын болады

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қазақстан Falcon 9 зымыран-тасығышымен Калифорниядан екі спутник ұшырмақ.

Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожинге сілтеме жасап "Астана" телеарнасы хабарлады.

Вице-министр Астанадағы "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форум кезінде хабарлағандай, Қазақстанның 150-ден астам инженері Еуропа, Англия және Ресей кәсіпорындарында тағлымдамадан өткен. Бәрі дұрыс болса, 19 қарашада екі спутник ұшырамыз", деп мәлімдеді Нұрғожин.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қазақстан биыл Falcon 9 зымыран-тасығышымен ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің екі спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр. Біріншісі – Жерді алыстан зондтау микроспутнигі, оны қазақстандық және британдық мамандар жасап жатыр. Екіншісі – отандық өнеркәсіп жасап шығарған ғылыми мақсаттағы аппарат. Нано-кластық спутник Жердің ионосферасын зерттейді.

Сонымен қатар, Нұрғожиннің айтуынша, отандық инженерлер мен конструкторлардың өнімдері ғарышта сынақтан өткізіліп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстан өз спутниктерін жасап шығарып, сату мүмкіндігіне ие болады. Ең әуелі қазіргі аппараттардың орнын басатын байланыс спутниктерін жасауды қолға алу керек.

Естеріңізге сала кетсек, Falcon 9 — Илон Маскқа тиесілі SpaceX америкалық компаниясының зымыран-тасығышы.

Тақырып бойынша

Илон Маск БАҚ-тың "шыншылдығын" анықтайтын сайт жасамақшы
Илон Маск әлем бойынша тегін WiFi-ға қалай қосылуға болатынын айтты
Илон Маск "зомби-апокалипсистен құтқаратын" қару ойлап тапты
Назарбаев Илон Маск компаниясының өкілдерімен кездесті
Кілт сөздер:
ғарыш, спутник, зымыран, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Илон Маск, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар