00:21 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
шелпек

Жұмаға кеңес: аудиотаспадағы Құранды оқыса, жеті шелпек қабыл бола ма?

© Photo : предоставлено проектом "Адайкелiн"
Руханият
Қысқа сілтеме алу
2697 0 0

Қажының айтуынша, қазақтың жеті шелпегі садақаның бір түрі, сондықтан оған мүфтият ешқашан тыйым салған емес

АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Қазақтың қыз-келіншектері жұмада иіс шығарып, жеті шелпек пісіреді. Ата-бабаларына Құран бағыштап, шелпекті көршілеріне таратып береді. Көбіне әйел адамдар Құранды жатқа біле бермейді. Сондықтан мұндайда аудиотаспадағы Құранды пайдалануға бола ма? Олай жеті шелпек таратқан адамның аруақтарға арнаған тілегі қабыл бола ма?

Бұл сауалдардың жауабын "Имам" журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді. Оның айтуынша, бұл арада мәселе Құранның білген-білмегендігінде емес, басты адамның ниетінде.

"Негізі, адамның өзі оқығаны дұрыс. Ол кезде ешқандай дау жоқ. Кейде шелпекті Құран оқытып алуға мешітке әкеліп жатады. Оны да дұрыс деп білемін. Ал егер шынымен де Құран оқитын адамы мүлде болмаса, мешітке әкелуге жағдайы келмей жатса, онда аудиотаспаны пайдаланғанның еш әбестігі жоқ. Бұл жоқтан бар нәрсе ғой әйтеуір", - дейді ол.

Ал олай оқылған Құранның қабыл болу-болмауы, қажының пікірінше, тек Алланың құзіретінде.

"Адам шын ниеттенсе, ондай Құран қабыл болуы керек деп ойлаймын. Бірақ оны нақтылай да алмаймын. Өйткені мұның барлығы бір Алланың құзіретінде. Негізі, мұсылманмын деген адам, ең құрымағанда, сол жеті шелпекке оқылатын Фатиха сүресін жаттап алғаны абзал. Ал аудиотаспада бар ғой дейтін болса, онда адамдар соған жаман үйреніп алуы мүмкін ғой", - дейді діндар.

Оның айтуынша, қазақтың жеті шелпегі садақаның бір түрі, сондықтан оған муфтият ешқашан тыйым салған емес. Ал садақа 70 түрлі пәленің алдын алады екен.

"Алла тағаланың назарында садақа үшін берілген бір үзім нан Ухуд тауындай үлкейеді" деген аят жолдары бар. Сондықтан жеті шелпектің шариғатқа еш қайшылығы жоқ", - дейді ол.

Тақырып бойынша

Исламда құлақ тесу туралы не айтылған?
Ислам дінінде ақ шаштың түсуі ненің белгісі?
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Ислам дінінде зинадан да ауыр күнә қандай?
Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 18 дерек
Кілт сөздер:
қасиетті жұма, құран, Шелпек
Загрузка...

Басты тақырып