07:46 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин

Қазақстандық Баландин жүзуден Олимпиада алтынын жеңіп алды

Reuters
Спорт
Қысқа сілтеме алу
25 0 0

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

АСТАНА, 11 там — Sputnik. Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Риода Олимпиадада финалға өтті.Финалдық сегіздікке шығу сайысында алтыншы боп жартылай финалға өткен қазақстандық Дмитрий Баландин жартылай финалда 2:08,20 нәтижесімен 4 орынға тұрақтады, сөйтіп, 11 тамызда өтетін финалға өтті.

Қазақстандық Дмитрий Баландин 2:07,46 көрсеткішімен мәреге жетіп, Қазақстан қоржынына Рио Олимпиадасының алтын медалін салды. Күміскек америкалық Джош Прено — 2.07,53 көрсеткішіимен қол жеткізді. Үшінші ресейлік жүзуші Антон Чупков болды.

Басты тақырыптар