07:44 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Американский пловец Майкл Фелпс. Рио 2016.

Жүзуші Фелпс ОО-да өз мансабындағы 22-ші алтынын қанжығасына байлады

AP Photo/David J. Phillip
Спорт
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Фелпс финалда 200 метрлікті бір минут 54,66 секундта жүзіп өтті.

АСТАНА, 12 там — Sputnik. Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейро 2016 жылғы Олимпиадада кешенді жүзуде 200 метр қашықтықты еңсеріп, өз мансабындағы 22-ші олимпиадалық алтынын жеңіп алды.

Фелпс финалда 200 метрлікті бір минут 54,66 секундта жүзіп өтті. Екінші орын 1.56,61 нәтижесімен Жапония өкілі Косуке Хагиноға бұйырса, қоланы қытайлық спортшы Ван  Шуня (1.57,05) иеленді. Осы қашықтықта әлем рекордын орнатқан америкалық Райан Лохте (1.57,47) бесінші орынға тұрақтады.

Бұдан бұрын атақты америкалық жүзгіш Фелпс баттерфляй әдісімен 200 метрлік қашықтықта және еркін стиль эстафетасында жүзуден Олимпиада ойындарының екі алтынын еншілеген.

Фелпстің есебінда барлығы 26 медаль.

Басты тақырыптар