Спорт

Лада Кубогінде "Барыс" "Куньлуньді" ойсырата жеңді

© ХК "Барыс""Барыс" ХК
Барыс ХК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық "Барыс" хоккей клубы сейсенбі күні Тольяттиде өткен Лада кубогінде Құрлықтық хоккей лигасының жаңа клубы - қытайлық "Куньлунь Ред Старды" 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

АСТАНА,  17 там – Sputnik. Елордалық "Барыс" хоккей клубы сейсенбі күні Тольяттиде өткен Лада кубогінде Құрлықтық хоккей лигасының жаңа клубы —  қытайлық "Куньлунь Ред Старды"  3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алғашқы кезеңде есепті Роман Старченко ашып, екінші жиырма минутта Брендрон Боченски мен Никита Михайлис бір бірден шайбы салды. Қорытынды үшінші мачта шайбы салынған жоқ.

Осы турнирдегі өзінің алғашқы матчында жексенбі күні "Барыс" мұз қожайындары – тольяттилік "Ладаға" 1:3 есебімен есе жіберді.  Сәрсенбі күні қазақстандық клуб Екатеринбургтен келген "Автомобилистпен" кездеседі.

Жаңалықтар
0