12:02 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Казахстанский боксер Василий Левит

Олимпиаданың күміс жүлдегері Левит "алтынға" тағайындалған сыйақы алады

Казахстанская федерация бокса
Спорт
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Риодағы олимпиада ойындарында күміс медаль алған қазақстандық боксшы Василий Левитке "алтын" жеңіп алғандарға арналған сыйақы төленеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

АСТАНА,  17 там – Sputnik. Риодағы олимпиада ойындарында күміс медаль алған қазақстандық боксшы Василий Левитке "алтын" жеңіп алғандарға арналған сыйақы төленеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық боксшы Василий Левит әділ қазылар алқасының шешімімен Олимпиада-2016 финалында — 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен жеңіліс тапты. Оның қарсыласы ресейлік Евгений Тищенко болды. Бірінші раундта Левит басымдық танытты, екінші раунта — ресейлік қарсыласы ұтты. Үшіншісінде — қазақстандық боксшының бірнеше соққысынан кейін ресейлік боксшыға медициналық көмек көрсетілді. Жекпе-жек жалғасқан кезде Левит тағы бірнеше соққы жасады, алайда нәтижесін жария еткен кезде жеңіс Тищенкоға берілді. Тищенконың жеңіске жеткенін құлақ жарар ысқырықпен қарсы алды.

Казахстанский боксер Василий Левит и россиянин Евгений Тищенко
Казахстанская федерация бокса
Қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко

Василий Левитке мемлекет тарапынан 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тиесілі. Алайда Қазақстандық бокс федерациясы президенті Тимур Құлыбаевтың шешімі бойынша осы сомаға тағы жүз мың АҚШ доллары қосымша төленеді. Сондықтан Левиттің сыйақысы "алтындікімен" тең болады.

Бұл ретте федерацияда төрешілердің шешіміне құрметпен қарап, қарсылық білдірмейтіндерін атты. Өйткені AIBA ережелері бойынша төрешілердің шешіміне наразылық келтірілмейді.

Василий Левит 2009-2011 жылдарында Қазақстан чемпионы болды. Олимпиадаға іріктеуден WSB  (World Series Boxing – Бокстың жартылай кәсіби лигасы) рейтингі бойынша өтті.

Басты тақырыптар